• Аурухана туралы
  • Деятельность комлеанс службы
  • Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Жезқазған қаласының облыстық көпбейінді ауруханасы» ШЖҚ КМК қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы Анықтама

Экран дикторы home   map   e-mail   rss

Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Жезқазған қаласының облыстық көпбейінді ауруханасы» ШЖҚ КМК қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы Анықтама

Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Жезқазған қаласының облыстық көпбейінді ауруханасы» ШЖҚ КМК қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы

Анықтама

Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Жезқазған қаласының облыстық көпбейінді ауруханасы» ШЖҚ КМК мекемесі жұмыс тобының құрамында:Антикор кызметі бойынша жауапты басшы,хирургиялық қызметінің жетекшісі Кулиев Ровшан Шамиль оглы,дәрігер-эпидемиолог Журсунов Мурат-Турар Зейнович,қауіпсіздік инженері Нурахметов Асылхан Ертаевич Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Жезқазған қаласының облыстық көпбейінді ауруханасы» ШЖҚ КМК мекемесінің 2025 жылғы 01 қаңтардан 2025 жылғы 31 қыркүйек айына дейінгі кезеңде қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Ішкі талдау «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚРЗ Заңына,сондай-ақ үлгілік ереже негізінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығы негізінде сыбайлас негізінде тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілді 2023 жылғы 04 қазандағы көпбейінді аурухана директоры бекіткен квазимемлекеттік сектор субектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы Антикор қызметтер туралы,Көпбейінді аурухана директорының 2023 жылғы 04 қазандағы №153-ө бұйрығы негізінде.

1.НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДЕ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДЕ

1.Аурахана құрылымы мыналардан тұрады:

1.Әкімшілік.

2.Дәрігерлер.

3.Медбибілер.

4.Мамандар.

5.Кіші кызмет көрсету персоналы.

2.Аурухана қызметін талдау барысында нармативтік құқықтық актілер

мен құқықтық актілер нормаларының сәйкессіздігі жоқ.

2.ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-БАСҚАРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ

1.Персоналды басқару,оның ішінде кадрлардың ауысуы.

Аурухананың штат кестесін аурухана директоры 2023 жылғы 5 қантарда бекітті.

Талдау жүргізу кезінде аурухана қызметкерлерінің саны 705-адамды құрайды. Бос орын-80(бос жұмыс орны бойынша электрондық еңбек биржасына хабарландыру беріледі www.enbek.kz).

Талданатын кезенде 100 қызметкер өз еркімен,Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 56-бап,1 тармақ бойынша жұмыстан босатылды.

Жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыстан босатылған кызметкерлер жоқ.

Командалык орын ауыстыру бөлігінде анықталған жоқ.

2025 жылғы қантар-қыркүиекте 151 қызметкер қабылданды.

2.Мүдделер қақтығысы.

Аурухана қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау барысында жанжалды мүдделер жоқ.

3.Мемлекеттік қызмет корсету.

Аурухана мемлекеттік қызметтердің келесі түрлерін көрсетеді:

1.Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру:

2.Техникалық және кәсіптік,білім беру және орта білімнен кейінгі білім беру үшін құжаттарды қабылдау:

3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кеінгі білім берудін білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алушыларды аыстыру жане қайта қабылдау:

4.Ауруханаға түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініші

Ауруханада азаматтардың өтініші бойынша жұмыс 2020 жылғы 29 маусымдағы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне» сәйкес жүргізіледі.

Бөлімдердегі осы бағыттар бойынша жай-күйге талдау жүргізілді,жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қараудың уақытылығы мен сапасын қамтамасыз ету,бақылауды арттыру,белгіленген мерзімдерді бұза отырып өтініштерді қарауға жол бермеу бойынша шаралар қолдануда.

2025 жылғы қаңтар-қыркүиекте азаматтардан еш өтініштер түскен жоқ.

5.Сыбайлас жемқорлыққа карсы іс-қимылдың алдын алу жөніндегі іс-шаралар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мяселелері жөніндегі ішкі іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде аурухана қызметкерлері мен дәрігерлерге дөңгелек үстелдермен семинарлар өткізілді.(Аманат партиясының Ұлытау облысының дін істері басқармасының өкілдерімен,сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерімен және полиция қызметкерлерімен кездесу ).

6.Қорытынды

Талданып отырған кезеңде қызметкерлердің лауазымдық,сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасағаны үшін тәртіптік жаза қолдану фактілері анықталған жоқ.

Жұмыс тобы:

Қауіпсіздік инженері Нурахметов А.Е.

Хирургиялық қызметінің жетекшісі Кулиев Р.Ш.

Дәрігер-эпидемиолог Журсунов М.З.

Директор Аханов Г.А.

gossim kk

100 step kk

kz2050 kk