Хабарландыру
Жезқазған қ. КМК «Облыстық көпсалалы ауруханасының» Байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу және тағайындау жөніндегі комиссиясы Ұлытау облысы денсаулық сақтау басқармасына қарасты Жезқазған қаласындағы «Облыстық көпсалалы ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының байқау кеңесіне мүшелерді іріктеу бойынша конкурс жариялайды.
Кәсіпорынның орналасқан жері: Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Иманжанов көшесі, 11-үй, телефон +705 195 1242.
Конкурстың өтетін күні мен орны: «21» ақпан 2026 жыл, Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Иманжан көшесі, 11-үй, 2-қабат, конференц-зал.
Кәсіпорынның негізгі қызметі: Ересектер мен балаларға медициналық көмек көрсету.

Медициналық сақтандыру және пациенттердің құқықтары туралы өтініштер тәулік бойы қабылданады. Азаматтардың барлық өтініштері өңделіп, тіркеу нөмірін көрсетумен өтініштер тізіміне енгізіледі.Одан әрі, қажет болған жағдайда өтініштер белгіленген уақытында шешім қабылдау үшін сараптамаға жіберіледі. Содан кейін өтініш берушінің қосымшасындағы аккаунтына жауап беріледі. ⠀ Qoldau-24/7 әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының мобильді қосымшасын Android смартфондарына арналған PlayMarket және Apple смартфондарына арналған AppStore арқылы жүктеуге болады.

