31-05-2021

2021 ж. тендер өткізу тәсілімен сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды сатып алуды өткізу туралы хабарландыру

«"Жезқазған қаласының көпсалалы ауруханасы" КМК, Жезқазған қаласы, Ақын Иманжан көшесі, 11 үй, тендер тәсілімен сатып алуды өткізетіндігі туралы хабарлайды.

1) сатып алынатын тауарлардың толық тізбесі, олардың саны, сомасы, егжей-тегжейлі ерекшелігі және жеткізу мерзімі тендерлік құжаттамада №1 қосымшада көрсетілген.

2) тауар Қарағанды облысының медициналық ұйымдарына, рұқсат қағазына сәйкес жеткізілуі тиіс.

3) Тендерге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысымен бекітілген «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» Заңының 13-тармағында көрсетілген біліктілік талаптарына жауап беретін барлық әлеуетті өнім жеткізушілер жіберіледі;

4) Тендерлік құжаттама пакетін мына мекенжай бойынша: Жезқазған қ., Ақын Иманжан к-сі, 11, №1 каб. сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін немесе www://cb-zhezkazgan.kz/ веб-сайтында және Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды поштасына 2021 жылғы 21 маусым, сағат 15.00. қоса алған уақытқа дейін өтінім жолдау арқылы алуға болады.

Тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі 2021 жылғы 21 маусымға сағат 13.00-ге дейін;

5) Тендерлік өтінімдер салынған конверттер 2021 жылғы 21 маусымға күні сағат 15.00-де мына мекенжайда ашылады: «"Жезқазған қаласының көпсалалы ауруханасы" КМК, Жезқазған қаласы, Ақын Иманжан көшесі, 11- үй, 2- қабат, мәжіліс залы.

Әлеуетті өнім жеткізушілер тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде қатыса алады.

Қосымша ақпарат пен анықтаманы 8 (7102) 78-10-33 телефоны арқылы алуға болады.

Тендерная документация

gossim kk

100 step kk

kz2050 kk