ҚР-да міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу жөніндегі СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР

Сұрақтар

Жауаптар

1

МӘМС енгізу қажеттілігі неде?

Денсаулық сақтау жүйесі үшін жаһандық сын (инфекциялық емес аурулардың өсуі, жаңа технологияларды енгізудің есебінен жүйенің ресурссыйымдылығы, егде адамдар санының артуы) денсаулық сақтау шығындарының көбеюіне себеп болады.

ҚР-да денсаулық сақтауды қаржыландыру деңгейі жақын көрші елдермен (РФ-да ЖІӨ-ден 5% -дан астам) және ЭЫДҰ елдерімен (ЖІӨ-ден орташа 8-9%) салыстырғанда аса төмен – ЖІӨ-ден                     3,5% деңгейінде.

Сонымен қатар, Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекспен көзделген ортақ жауапкершілік қағидаты  әлі де іске асырылған жоқ.   

Халықаралық  тәжірибеде  міндетті медициналық сақтандыруды енгізу жоғарыда аталған                сынға жауап бере алады және жүйенің қаржылық тұрақтылығын  қамтамасыз етеді.

МӘМС енгізе отырып, денсаулық сақтауға жалпы шығындар  ЖІӨ-ден %-да арта түседі, бұл   медициналық қызметтер сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз етуге көмектеседі. Қаржыландыру көздерін әртараптандыру және қаржыландыру көлемдерін ұлғайту тұтастай алғанда ЭЫДҰ елдерінің өмір сүру деңгейін нығайтуға пәрменді әрекеттер арқылы септігін тигізеді.

2

ҚР-да МӘМС моделін таңдау кезінде қандай елдердің тәжірибесі ескеріледі?

Ұқсас денсаулық сақтау жүйесіндегі медициналық сақтандыру мәселелерімен тікелей айналысқан Дүниежүзілік банк мамандарын және тәуелсіз халықаралық сарапшыларды  тарту арқылы халықаралық тәжірибе зерделенді. ҚР-да МӘМС моделі классикалық  Германия моделінің, Ресей Федерациясының (нормативтік алаңы және ел менталитеті бойынша жуық ел ретінде), Литва және Шығыс Еуропа елдері -  Словакия, Чехия, Польша тәжірибесінде қалыптастырылды: бұл социалистік жүйеден кейінгі денсаулық сақтау жүйесін ұйымдастыру ҚР-мен өте ұқсас.

3

ҚР-да  1996-1998 ж.ж. медициналық сақтандыру реформасындағы олқылықтардың себебі не болды?

1996-98 ж.ж. үлгісінің медициналық сақтандыру реформасы олқылығының негізгі себебі кірістер жинаудың жеткіліксіз деңгейі болды. Медициналықсақтандыру қорының өз міндеттерін орындауы келесі себептер бойынша мүмкін болмады:

-         экономикалық дағдарыс – көптеген кәсіпорындар сақтандыру жарналарын көп қарыздардың болуы салдарынан төлей алмады, сақтандыру төлемдері үшін заттай төлем жүйесі орын алды.

-         дара кәсіпкер мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар жарналарды аудармады (халықтың шамамен төрттен бірі);

-         жұмыссыздықтың артуы, халықтың белсенді емес бөлігі үшін жарналардың тиісті деңгейін қамтамасыз ете алмаған жергілікті бюджетке түсетін салмақты ұлғайтты;

-         қордың медициналық ұйымдар алдында қарызы туындады;

-         қордың атына сыбайлас жемқорлық және жиналған қаражатты  шашуға қатысты кінә тағылды;

      -      медициналық қызметтер үшін төлеу өңірлерде түрлі әдістер мен тарифтер бойынша жүргізілді.

4

ҚР-да  1996-1998 ж.ж. медициналық сақтандыру  реформасының олқылықтар тәжірибесі ескерілді ме?

ӘМСҚ – дайындалған негізге енгізілмек:

 -  БҰДЖ енгізілді; - МҚАК атынан медициналық қызметтерді бірыңғай төлеушісі құрылды;

 - төлем көрсетілген қызметтер үшін бірыңғай тариф бойынша  жүзеге асырылады;

 - медициналық ұйымдар мен дәрігерлерді еркін таңдауы қамтамасыз етілді;

 - сапалы емге қомақты қаржы қағидатына қол жеткізілді;

 - халыққа, әсіресе ауыл тұрғындарына жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігі қамтамасыз етілді;

- денсаулық сақтауда нарықтық тетіктер енгізілді;

 - ӘМС енгізу мәселесінде басқа елдер тәжірибесі зерделенді.  

5

90-жылдардағы ММСҚ-тың қателерін қайталамау үшін қордың қаржылық тұрақтылығы қалай қамтамасыз етіледі?

ӘМС жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету тетіктері мыналар болады:

-       ӘМСҚ қызметінің коммерциялық емес сипаты;

-       аударымдар мен жарналардың нысаналы сипаты және олардың қайтарымсыздығы;

-       ӘМСҚ-ның активтер түсімдерінің толықтығын қамтамасыз ету;

-       ӘМСҚ қаржылық қызметін бағалау;

-       аудит және есептілік;

-       ӘМСҚ өзіндік қаражаты, сондай-ақ оның  активтерібойынша жеке есеп(жарналар, өсімпұлдар, инвестициялықкіріс);

-       ӘМСҚ активтерін медициналық қызмет берушілердің қызметтеріне ақы төлеу үшін айрықша қолдану және оларды белгілі қаржылық құралдарға орналастыру;

-       Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған және Ұлттық банк басқаратын, активтерді тек қаржылық құралдарға орналастыруды көздейтін  ашық инвестициялық саясат;

-       қандай да бір үшінші тұлғалардың тарапынан ӘМСҚ активтерінде өндірулерді талап етуге тыйым салу;

-       міндеттемелерді болжамды шығындардың өзекті талдауының нәтижелеріне негіздеп,  ӘМСҚ кірістеріне қатаң сәйкестікте қалыптастыру;

-       күтілмеген шығындарды жабу үшін резервтер құру.

6

ӘМСҚ қызметіне қоғамдық бақылау қамтамасыз етіледі ме?

Сапа жөніндегі бірлескен комиссия ДСӘДМ, ӘМСҚ, қоғам өкілдерімен арадағы диалогтік келісім алаңына айналады. Қоғамдық бақылау СБК құрамына дәрігерлер мен пациенттер қауымдастықтарының және өзге де ҮЕҰ өкілдерінің міндетті енгізілуі арқылы жүзеге асырылады.

7

Қор активінің инвестицияларын кім жүзеге асырады? Қандай инвестициялық кіріс жоспарланады?

Инвестициялық саясат жәнеинвестициялық табысты басқару Қор тарапынан дербес жүзеге асырылады. Бұл кезде уақытша бос ақша үшін инвестициялаудың қаржылық құралдарын ҚР Үкіметі бекіткен.  Инвестициялауды  Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі сенімгерлік басқару шартының негізінде жүзеге асыратын болады.

8

Инвестициялық кіріс қалай бөлінеді?

Инвестициялық табыс  МӘМС жүйесінде тек көрсетілген медициналық көмек үшін төлем жасауға және Қор қызметін жүзеге асыру үшін комиссиялық сыйақыға  1% аспайтын көлемде бағытталатын болады.

9

Ел ЖІӨ-нің төмендеу жағдайында, атап айтқанда, жұмыс берушілер кірістерінің төмендеу және  еңбек төлемдері қорларының төмендеу тұсында, жұмыссыздық өскенде ел экономикасының тұрақсыздығы кезінде Қорды қалыптастыру сценарийі болады ма?

Елдің ЖІӨ-сінің төмендеуі күтілмейді, бұл жерде әңгіме оның өсу қарқынының бәсеңдеуі туралы болып отыр.  Бұл сияқты  макроэкономикалық ауытқуларды өтеу мүмкіндіктері қазірге кезде бірнеше бағыттар бойынша пысықталуда:

-         Қор резервтерін қалыптастыру;

-         экономикалық тұрақтылық нығайған кезде негізгі түсім жұмыс берушілерден болады, экономикалық жағдай төмендеген кезде түсімдер мемлекет тарапынан күтіледі; 

-         ағымдағы қаржы жылынан екі жыл бұрынғы орташа айлық жалақыдан мемлекет міндеттемелерін белгілеу арқылы макроэкономикалық деңгейлестіру құралдары (дағдарыс кезеңдерінде бұл бюджетке неғұрлым жоғары деңгейлі жарналарды қамтамасыз етеді);

-         халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету бойынша мемлекет тарапынан кешенді              іс-шаралар, кірістерді заңдастыру, халықты ақпараттандыру және т.б.

10

Қорды кім басқарады? Қандай мамандар жұмыс істейді?

«МӘМСтуралы» Заң сенім ақтарлық кандидаттар тағайындауға қабілетті  ӘМСҚ-тың басшы құрамына қойылатын бірқатар талаптарды белгілейді. Қорды басқаруға денсаулықсақтаужәне басқа да салалардағы неғұрлым білікті сарапшылар жұмылдырылады. Міндетті медициналық сақтандырудың қалыптасу кезеңімен қатар жүретін жоғары қауіптердің болуына байланысты ӘМСҚ-тың жоғары кадрлық әлеуеті қажет. Негізгі стратегиялық функцияларды басқару мен орындауға шетелдік мамандардың тартылуы ықтимал.  

11

ӘМСҚ қаражатын бөлуді бақылау қалай жүзеге асырылады? Ақпараттық жүйе болады ма? Қор шығындары халық үшін ашық болады ма?

Бүгінгі таңда жаңа модельде  Қорды теңгерімдеудің және оның тұрақтылығын қамтамасыз етудің  макроэкономикалық құралдары, сондай-ақ қаражатты жинаудың және бөлудің ашық жүйесі көзделген.

Бастапқы кезеңде қаржылық есептілікті жариялау бойынша стандартты талаптармен қатар, Қор қызметінің ашықтығын арттыру тетіктері жасалады, олар қазіргі уақытта әзірлену үстінде.  

Ақпараттық жүйе – бар модульдердің негізінде жаңартылады, егжей-тегжейлі есепке алуды қамтамасыз ететін және салдары айқын болып табылатын қосымша модульдер арқылы толықтырылады.

Ашықтық  – МӘМС-тің негізгі қағидаттарының бірі. Қаражатты шоғырландыру,  шарттар жасау, тарифтерді бекіту үдерісін қоғамдық ұйымдардың, ҰКП-ның және т.б. қатысуы арқылы жүзеге асыру жоспарланады.  

12

МӘМС енгізу мемлекеттік бюджет (республикалық және жергілікті) шығыстарын қысқартуға мүмкіндік береді ме? Болса  қаншалықты және босатылған қаражатты қайда жұмсау жоспарланған?

ҚР-да денсаулық сақтау шығыстарының көлемдері жақын көрші елдермен (РФ-да ЖІӨ-ден               5% -дан астам) және ЭЫДҰ елдерімен (ЖІӨ-ден орташа 8-9%) салыстырғанда аса төмен – ЖІӨ-ден 3,5% деңгейінде. 

Осыған байланысты, денсаулық сақтау шығындарын төмендету туралы мәселені шығындарды арттыруға сәйкес медициналық қызметтер сапасын арттыру мәселесімен ауыстырған жөн.

Бюджет шығыстарын төмендету халық санының артуымен, халықтың қартаюымен, инфекциялық емес аурулардың артуымен және т.б. байланысты тұтастай денсаулық сақтау шығыстарының үнемі өсуі кезінде азаматтардың жекелеген санаттары үшін  мемлекет жарнасына белгілеуге негізделеді.  

Босатылған қаражатты қайта бөлу мәселесі Ұлттық экономика министрлігінің және Қаржы министрлігінің құзыретіне кіреді.

13

МӘМС енгізу нәтижесінде денсаулық сақтау шығыстарына мемлекет пен азаматтар шығындарының жалпы көлемі мен құрылымы қалай өзгереді?

МӘМС енгізілгенде денсаулық сақтаудың жалпы шығыстары  ЖІӨ-ден %-да артады.

Азаматтардың жеке шығыстары төмендейді. Әдетте бұл көрсеткіш денсаулық сақтаудың жалпы шығыстарынан % -да есептеледі. ҚР-да бүгінгі таңда ол 35%-дан жоғары, ал ЭЫДҰ елдерінде  – 20% деңгейінде. Осындай айтарлықтай айырмашылық үй шаруашылықтарын кедейленуге жетелейтін  апатты денсаулық сақтау шығындарының қаупін арттырады.  Алайда, МӘМС-ті енгізумен және сақтандыру мәдениетін дамытумен қатар салық салу және игіліктерді денсаулық сақтауға бөлу айқындығы едәуір жоғарылайды, бұл қатысушылардың жүйеге талап қоюын арттырады.  Осылайша, дәрігерлерге «алғыстар» түрінде берілетін бейресми төлемдер, өз қалтасынан медициналық көмек үшін қаражат жұмсау маңыздылығы жоғалады. 

14

Бүгінде салық және зейнетақы аударымдары жалақының  шамамен 20%-ын құрайды.  Енді денсаулық сақтау аударымдары да болады ма?

Иә. Саланың төмен деңгейде қаржыландырылу жағдайында денсаулық сақтауды қосымша қаржыландыру қажет екенін түсіну қажет.  Сонымен қатар, бұл қаражат ЖПД санын арттыру, жоғары технологиялық қызметтердің көрсетілуін, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді,    медициналық қызметтер сапасын арттыруды кеңейту және т.б. сияқты нақты іс-шараларға жұмсалады.

15

Қазақстандық компаниялар өзінің қызметкерлері үшін ӘМСҚ-қа аударымдарды төлей алады ма? Бұл кері экономикалық салдарға әкелмейді ме?

 «МӘМСтуралы» Заңмен көзделгендей аударымдар 2017 жылы басталып, біртіндеп көтеріле береді. Бұл компанияларға  «жаңа салыққа үйренуге»мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, салық ауыртпалығын төмендету бойынша іс-шаралар кешені – ЖТС мен КТС бойынша шегерулерге МӘМС жатқызу және салық салынатын базаны 15 АЖ деңгейінде шектеу іске асырылуда.

Соның нәтижесінде компаниялар анағұрлым дені сау қызметкерлерге ие болады.  

16

Жарналар төлеуден кім босатылады? Егер бұл азаматтар бір мезгілде жұмыс істейтін болса (баланы күту бойынша демалыстағы аналар, зейнеткерлер, студенттер, мүгедектер және т.б.) жарналар қалай шегеріледі?

 «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңның 28- бабының 4-тармағына сәйкес келесі тұлғалар қорға жарна төлеуден босатылады:

1) балалар;

2) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Ардақты ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар;

3) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектер;

4) мүгедектер;

5) жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар;

6) интернат ұйымдарында білім алатын және тәрбиеленетін адамдар;

7) техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі, жоғары білім, сондай-ақ резидентура нысанындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында оқитын адамдар;

8) баланы (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) күтіп-бағу бойынша демалыста жүрген әйелдер;

9) жүкті әйелдер, сондай-ақ бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) тәрбиелеп отырған әйелдер;

10) зейнеткерлер;

11) әскери қызметшілер;

12) арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері;

13) құқық қоғау органдарының қызметкерлері;

14) соттың үкімі бойынша жазасын сот-атқарушылық жүйе мекемелерінде (пенитенциарлық) өтеп жүрген адамдар (ең төменгі қауіпсіздік мекемелерін қоспағанда);

15) уақытша ұстау изоляторында және тергеу изоляторында ұсталатын адамдар.

 Бұл ретте, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мемлекетке жарна төлемейді: азаматтардың бұл санаттарына ведомстволық желі мекемелерінде қызмет көрсетіле береді.

Заңның 27-бабының 3-тармағына сәйкес аударымдар төлеуден жоғарыда көрсетілген азаматтардың жұмыс берушілері босатылады.  

18

Дара кәсіпкерлер, патент бойынша жұмыс істейтін адамдар, шаруашылық қожалықтарының жұмыскерлері, базарлардағы саудагерлер жарнаны қалай төлейді?

Дара кәсіпкерлер, жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары,  адвокаттар, кәсіби  медиаторлар жарналарын есептеу және төлеу қордың шотына Мемлекеттік корпорация арқылы қаражатты тікелей аудару арқылы олардың өздері жүргізеді:

1) салық салудың жалпыға бірдей белгіленген режимін қолданушы дара кәсіпкер – кірістерді төлеу айынан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей;

2) дара кәсіпкер өз есебіне – есепті айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей;

3) арнайы салық режимін қолданушы шаруа немесе фермерлік шаруашылықтар -Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен көзделген тәртіп пен мерзімдерде (жылдың 10 сәуірі мен                   10 қарашасы);

4) патент негізінде арнайы салық режимін қолданатын дара кәсіпкер – патент құнын төлеу үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен көзделген мерзімде.

19

Жарна төлеушілер үшін жеке табыс салығы және жұмыс берушілер үшін корпоративтік табыс салығы қалай есептеледі? Салық салу базасы қалай өзгереді?

МӘМС-қа аударымдар ЖТС және КТС бойынша шегеруге жатқызылады, осылайша, салық салу базасы сәйкесінше аударымдар мен жарналар сомасына азаятын болады.

20

Жұмыс берушілер үшін МӘМСжағдайындағы ынталандыру қандай?

Жұмыскерлердің денсаулығы, сәйкесінше, жоғары еңбек өнімділігі.

21

Жарналар көлемі азаматтардың зиянды әдеттеріне қарай өзгереді ме? Халықтың ынтымақтастығы неде?

Жарналар көлемі өзгермейді.

Ынтымақтастық саланы қаржыландыруға тікелей атсалысуға қатысты

22

Аударымдар мен жарналар жұмыс берушілер, дара кәсіпкер және қызметкерлер үшін қосымша ауыртпалық болатындықтан кәсіпкерлер әлеуметтік төлемдерді төмендету үшін шынайы жалақыны жасырып, ең аз жалақы төлейтін болады.

Қор – елдегі экономикалық белсенділіктің төмендеуі, кірістер мен жалақыны жасыру, медициналық қызметтерді шамадан тыс тұтыну және т.б. қауіптер сияқты  көптеген қауіптерге кезігеді.   Соған байланысты, елде бұл үдерістерді реттеу бойынша кешенді шаралар қабылданады.   

Жасырын шынайы жалақыны («көлеңкелі» жалақы) жасыруға және жалақының қалған бөлігін конверттерде беруге байланысты біздің елімізде бұндай тәжірибе жаппай сипатқа ие, жұмыс берушілер осындай оңтайландырудың көптеген сызбасын әзірлеген.

Бұл жағдаймен салық органдары белсенді күресе отырып, мыналар кезінде ұйымдарға назар аударуы мүмкін, егер:

1) қызметкерлердің жалақысы өңір бойынша ең төменгі күн көріс деңгейінен төмен, орташа нарықтық деңгейден төмен (нақты өңір бойынша), орташа салалық жалақыдан төмен;

2) басшылықтың ресми құжаттар бойынша жалақы деңгейі қатардағы қызметкерлер жалақысынан төмен;

3) «конверттерде» берілетін жалақы төлемдері туралы ақпараттар түскенде (мысалы, анонимдік қоңырау);

4) қызметкерлердің жаңа жұмыс орнындағы жалақысы бұрынғысымен салыстырғанда анағұрлым төмен деңгейде болса (ЗТМО анықтамаларының деректері бойынша), яғни ол жұмысын пайдасы анағұрлым төмен шарттарда ауыстырса;

5) нақты ұйым бойынша шынайы есепке қарағанда банкке несие алу үшін берілген анықтамада үлкен сома көрсетілген кезде.

Егер салық салу органының жалақыны «конверттерде» төлеу дәлелі пайда болса, бұл назардан тыс қалдырылмайды.  Салық инспекциясында  компания қай кірістердан  жалақыны «конвертте» төлейді деген сұрақ туындайды.

Сондай-ақ ұйым үшін «көлеңкелі» жалақының қолданылуының келесі салдары ықтимал:

1) олардың барысында тек жалақыға қатысты көптеген қателердің анықталуы мүмкін салық инспекциясы, ІІД,  прокуратура сияқты және басқа да ведомстволардың толық көшпелі тексерулері;

2) ұйымның төлеуі үшін міндетті төленетін салықтарды есептеу (есеп салық инспекциясында бар салық төлеуші туралы ақпараттың негізінде жүргізіледі);

3) салықтарды қасақана төлемеу үшін өсімпұлдар мен айыппұлдар төлеу.

Сондай-ақ салықтарды төлеуден жалтару бойынша қылмыстарды жасаған тұлғаларды әкімшілік, тіптен қылмыстық жауапкершілікке тарту.

Сонымен қатар, әрбір азамат өз кірістері жөнінде қамдануы тиіс, себебі оның ресми кірісінің көлемі оның зейнетақы жинақтарына тура   пропорционал болады.  

23

Шартсыз төмен жалақыға жұмыс істеуге мәжбүр медициналық сақтандырусыз азаматтарға қатысты іс қалай болмақ (айына 25000 тг)?! Жұмыс берушілер артық салық төлемес үшін шарт жасамайды.

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес  міндетті әлеуметтік  медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу барлық           ҚР азаматтары үшін міндетті болып табылады.

Азаматтар жұмыссыз ретінде тіркеледі және жұмыс беруші ол үшін аударымдар аударатын жұмыс орнын алады. Жұмыссыздық мәртебесінде болу кезінде жарналар мемлекет тарапынан міндетті медициналық сақтандыруға төленетін болады.

Сонымен қатар, мемлекет заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің кірістері мен шығыстарын заңдастыруға мүмкіндік беретін салық салу саласындағы іс-шараларды әзірлеуде (оның ішінде әлеуметтік төлемдер). Ел азаматтары көрсетілген іс-шаралардың іске асырылуына белсенді қатысуы тиіс, өйткені олар медициналық сақтандыруды қамтитын өздерінің әлеуметтік қамтамасыз етілуін тікелей айқындайтын болады.   

Кірісі жоқ және міндетті әлеуметтік  медициналық сақтандыру жүйесіне жарналарды жүзеге асырмайтын азаматтар 2020 жылға дейін әлеуметтік мәні бар аурулар, шұғыл медициналық көмек,  амбулаториялық-емханалық көмек және алдын алу екпелері бойынша  қамтамасыз етіледі.

24

МӘМС-тің енгізілуімен қатар, ерікті медициналық сақтандыру қалай жұмыс істейтін болады?

Ерікті медициналық сақтандыру (ЕМС) сақтандырылған адамның  МӘМС жүйесімен көзделмеген медициналық күтімге  жұмсалатын шығындарын толықтай немесе ішінара жабуға мүмкіндік береді.

ЕМС полисі жеке тұлғаларға немесе ірі компаниялардың қызметкерлеріне олар өздері таңдаған клиникаларда тексеруден өтуге және сақтандыру компаниясының есебінен (сервистік қызметтер, күту парақтарының болмауы, МӘМС-ға енбейтін қызметер – стоматология және т.б.) қызмет алуға  мүмкіндік береді. ЕМС рәсімдей отырып, азамат ерікті сақтандыру полисіне енгізілген қызметтер көлемін өзі таңдайтын болады.

25

МӘМС жағдайында медициналық  қызметтер берушілерді таңдау қалай өтеді? Барлық клиникалар МӘМСқатысушылары болады ма?

Қызмет берушіні таңдау анағұрым айқын және екі кезеңде жүреді.  Қызмет берушіні таңдау өлшемшарты бірыңғай болады. МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша қызметтерді сатып алу кезінде денсаулық сақтау саласында аккредиттеуден өткен, сондай-ақ тиісті медициналық көмек көрсету бойынша үш жыл бойына үздіксіз тәжірибесі бар денсаулық сақтау субъектілері басымдыққа ие болады. Медициналық ұйымдарға қатысуға шектеу қойылмайды.

26

Қазіргі уақытта қанша жеке медициналық ұйымдар ТМККК шеңберінде стационарлық және  амбулаториялық қызметтерді ұсынады? МӘМС енгізу кезінде бұл көрініс ақшалай мәнінде қалай өзгереді?

2016 жылғареспубликалық бюджет қаражатынан жеке меншік нысанандағы 246 медициналықұйыммен шарт жасалған. МӘМС-тің енгізілуімен медициналық қызметтер көрсетуге жеке медициналықұйымдардың көп саны қатысатын болады деп тұспалдаймыз. Қазіргі уақытта бұл көріністің ақшалай мәнінде қалай қалыптасатынын бағалау қиынға соғады.

27

Қызметтерді  стратегиялық сатып алу деген не?

Стратегиялық сатып алу – белгілі бір сападағы қызметтердің айқын тізбесін сатып алу.

28

МӘМС-ті енгізумен медициналық көмек сапасы жақсарады ма?

МӘМС-ті енгізумен  медициналық қызметтер сапасы даусыз жақсарады. Бұл үшін іс-шаралардың мынадай кешені жүзеге асырылуда:

-   Сапа жөніндегі бірлескен комиссия құрылды;

-   Сапаны басқару саласындағыфункцияларды қайта бөлу, оның ішінде ҮЕҰ-дың қатысуын кеңейту;

-   Қортарапынан көрсетілген қызметтерге сараптама жүргізу функциясын күшейту;

-   медициналыққызметтерді берушілер арасында одан әрі бәсекелестікті дамыту үшін жағдайларды қамтамасыз ету, оның сапаны арттыруға себеп болары сөзсіз;

-   сапа индикаторларын Қор мен медициналыққызметтерді берушілердің арасындағы шарттарға қосу және оларды қаржыландыру деңгейлерімен үйлесімдеу және т.б.

29

МӘМС енгізуден медицина қызметкеріне қандай пайда болады? Жалақы артады ма?

МӘМС медициналық қызметтер берушілердің бір бөлігін жекешелендіру және бір қызмет берушілердің жеке меншік нысанана өтуі тәрізді дербестіктің жоғары деңгейін көрсететін ілеспе шаралармен қатар жүре отырып іске асырылады.  Бұл шаралардың барлығы да медициналық ұйымдарда қаражатты, оның ішінде жалақы деңгейін икемді басқару бойынша мүмкіндіктерді кеңейтуге септігін тигізеді.  

Сондай-ақ МӘМС жағдайында пациент үшін бәсекелестік күшейеді, бұл жалақы деңгейін арттыруға және еңбек жағдайын жақсартуға ынталандыру  болып табылады.

МӘМС енгізу жалпы практика дәрігерлеріне тиетін жүктемені 1 учаскіде 2000 адамнан                     1500 адамға дейін кезең-кезеңмен төмендетуді,  Медицина қызметкерлерінің жалақысын экономикадағы орташа жалақымен салыстырғанда  кезең-кезеңмен аттыруды болжамдайды.

30

МӘМС жағдайында МСАК қызметкерлерінің жалақысын арттыру қалай қамтамасыз етіледі? Қандай көздердің есебінен?

МСАК қызметкерлерінің жалақысы ағымдағы қаржыландырумен салыстырғанда кеңейтілген ӘМСҚ кірістерінің есебінен кезеңдеп көбейтіледі.

31

МӘМСенгізу кадрлық проблеманы шешуге көмектеседі ме?

Сөзсіз. Ең алдымен, стационар деңгейінде ҚР-дакадрлармен қамтамасыз ету проблемасы кері сипатта екенін ескеру қажет: жан басына шаққанда бұл секторда бізде дәрігерлер саны шамадан тыс.

Ал емханаларда басқаша: кезек проблемалары шынымен де бар. Сондықтан МӘМС деңгейінде халықтың ЖПД-мен қамтамасыз етілуі ЭЫДҰ елдерінің стандарттарына дейін түбегейлі арттырылатын болады: 1 дәрігерге бекітілген 2000 тұрғыннан 1 дәрігерге 1500 тұрғынға дейін. Бұл қолжетімділікті ұлғайтады, кезекті азайтады жәнеосылайша қабылдау сапасына ықпал етеді, өйткені бұл кезде дәрігер әрбір пациентке уақыт бөле алады.

32

МӘМС-ті енгізу медицина қызметкеріне ақшалай «алғыс» білдіру пролемасын шешуге қалай  көмектеседі?

Сақтандыруды енгізумен және сақтандыру мәдениетін дамыта отырып, салық салу және игіліктерді денсаулық сақтауға бөлу айқындығы едәуір жоғарылайды, бұл қатысушылардың жүйеге талап қоюын арттырады.  Медицина қызметкерлерінің жалақысы біртіндеп көбейтіледі.  Осылайша, дәрігерлерге «алғыстар» түрінде берілетін бейресми төлемдер, өз қалтасынан медициналық көмек үшін қаражат жұмсау маңыздылығы жоғалады. 

33

Қазіргі уақытта көптеген мемлекеттік медициналық ұйымдар, әсіресе,   стационарлар, бизнеспен белсенді айналысады: көптеген медициналық  қызметтер ақылы негізде жүзеге асырылады. Бұл қызметтер ТМККК тізбесіне енгізілсе де, бақылау жоқ, халық ақша төлейді, мемлекет, керісінше, мемлекеттік кәсіпорындардағы ақылы кірістерді ынталандыруда.  МӘМС енгізілген кезде жағдай қалай өзгереді?

ТМККК және МӘМС шеңберіндегі қызметтер МӘМС енгізілуімен қазіргідей ақылы негізде көрсетілмеуі тиіс. Барлық қажеттілік кепілдендіріліп, қамтамасыз етіледі.

Сұраныс ұсынысты туындатады. Азаматтар нақты медициналық сақтандыруға жарналар төлеумен МӘМС жүйесіндегі медициналық қызметтер спектрі мен көлемінің бір мезгілде артатынын көргенде, ақылы қызметтерді тұтыну азаяды.  

34

Жұмыссыздарға, өнімсіз жұмыспен қамтылған адамдарға және ел халқының экономикалық белсенді емес басқа да санаттары үшін медициналық көмек қалай қамтамасыз етіледі? Олардың елдегі саны қанша?

Салық  төлемдерін жүзеге асырмайтын бейресми және өнімсіз жұмыспен қамтылған халық саны бүгінгі таңда шамамен 2,5 млн. адамды құрайды. Әдейі салық төлемейтін адамдар үшін шектеулер тек жоспарлы көмекті, яғни адам өмірі мен денсаулығына қауіп төнбейтін жағдайларды қозғайды.

Бұл кезде халықтың бұл санаты үшін медициналық көмекке қолжетімділік алудың балама мүмкіндіктері: жұмыссыз ретінде тіркелу ұсынылған, онда жарнаны  ӘМСҚ-қа мемлекет төлейін болады, немее өз қызметін заңдастырып, салықты жалпы қорға төлеуі қажет.  

35

ҚР-да жұмыс істейтін шетелдіктерге, еңбекші  мигранттарға медициналық көмек қалай қамтамасыз етіледі?

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының             2- бабының 2- тармағына сәйкес  Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар, сондай-ақ оралмандар егер осы Заңмен өзгеше көзделмесе,  Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі құқықтарды қолданады және жауапкершілік атқарады.

Еңбекші  мигранттарға медициналық көмек мемлекетаралық келісімдер шеңберінде көрсетіледі. Егер осындай келісімдер болмаса, онда еңбекші  мигранттар ЕМС шеңберінде медициналық көмек алады, ал қоршаған ортаға қауіп төндіретін аурулар кезінде тегін негізде емделеді.

36

Қандай қызметтер МӘМС пакетіне нақты енеді? Не өзгереді?

ТМККК-нің қолданыстағы көлемі  –– Қорға  салық төлемейтіндердің жоспарлы медициналық көмекке қолжетімділігіне қойылатын шектеулерден басқа ешқандай жағдайда да тарылтылмайды. Тек қызметтердің – ТМККК немесе сақтандыру пакетіне тиістілігі өзгереді.

 «МӘМС туралы» Заңның 7-бабына сәйкес сақтандыру пакетіне оның ішінде  амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді, жоғары технологиялық қызметтерді қоса алғанда, жоспарлы стационарлық көмек,  амбулаториялық-емханалық көмек енеді.

Сонымен қатар, ӘМСҚ кірістерінің өсуіне қарай медициналық көмектің қолжетімділігі артады, мысалы: 2000 тұрғынға 1 ЖПД-дан  1500 тұрғынға 1 ЖПД-ға дейін ЖПД-мен қамтамасыз етілу. АЕҚ пакеті (ДЗ мен нозологиялар тізбесі) біртіндеп кеңейтілетін болады. Бұл қайта құрылымдар қолжетімді көмек пакетінің іс жүзінде кеңеюіне себеп болады.

37

Жедел және шұғыл медициналық көмек қалай көрсетілетін болады? Шұғыл медициналық көмек жоспарлы стационарлық көмектен қалай шектеледі?

Кейінге қалдыруға болмайтын және шұғыл көмек барлық азаматтарға, оралмандарға түгел көрсетіледі.

Заңға сәйкес клиникалық белгілері және параметрлері бойынша шұғыл жай-күй тізбесі әзірленетін болады. Қазіргі уақытта ол әзірлену үстінде.

38

Шұғыл жағдайларда зардап шеккен адамдарды сәйкестендіру қалай орын алады?

Шұғыл көмек барлығына қолжетімді болғандықтан, жедел сәйкестендіру мәселесі қозғалмайды.

39

Сақтандыру болмаған кезде медициналық көмек көрсетуден бас тарту жағдайлары болмайды ма?

Жарналарды  төлемейтіндерге тек жоспарлы стационарлық көмек кезінде

40

Сақтандыруды (карточканы) өзімен алып жүру міндетті ме немесе жеке куәлік жеткілікті ме?

Жеке  куәлік жеткілікті

41

Пациенттің медициналықұйымды еркін таңдау құқығы қалай қамтамасыз етіледі?

Медициналықұйымдарды еркін таңдау механизмі сақталады.

42

Жеке клиниканы таңдауға болады ма және бұл жағдайда төлем қалай жүзеге асырылады?

Жеке клиниканы таңдауға болады – егер оның ӘМСҚ-пен шарты болса. Жеке клиникаға төлем            ҚР Денсаулық сақтау жәнеәлеуметтік даму министрлігі бекіткен медициналық қызметтерді төлеу тарифтері мен тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.

43

Пациент  жеке медициналық ұйымға  ТМККК және МӘМС шеңберінде қызметтер алу үшін жүгінген кезде, олар қызмет көрсетуден бас тартпайды ма? Жеке медициналық ұйым ТМККК және МӘМС шеңберінде көрсетілген қызметтерге қоса ақы төлеуді талап етуі мүмкін бе? Қоса ақы төлеудің шектілімі бар ма?

Жеке клиникаға жүгінген кезде азамат: бұл клиниканың ӘМСҚ-пен қажетті  медициналық қызметтерді көрсету шартының бар-жоғын білуі тиіс. ӘМСҚ-пен шарт болған кезде клиника МӘМС және ТМККК пакетіне енетін қызметтер үшін төлем талап етуге құқығы жоқ.  

44

Қазірде ақылы қызметтер көрсететін жеке зертханалық орталықтар көп. Олар сақтандырумен қамтылады ма?

МӘМС жүйесінде жұмыс жасау ниетіне қарай.  Зертханалық  қызметтер медициналық көмектің бір бөлігі ретінде МӘМС жүйесімен қамтылады.

45

Сақтандырылмаған адамды шұғыл көрсетілімдер бойынша емдеуге жалған жатқызу мәселесі қалай бақыланатын болады? МӘМС енгізу азаматтардың өздерінен ақы төлеуді талап ету арқылы сыбайлас жемқорлықтың өршуін туындатпайды ма?

Қалтадан төлеу, керісінше, маңыздылығын жоғалтады.

Жұмыссыз ретінде тіркелгісі келмейтін немесе салық төлеуді бастамайтын салық төлемейтін адамдар жоспарлы көмекке ақы төлеуге міндетті болады. Бұл көлеңкелі төлемдердің жарыққа шығуына себеп болады.

Шұғылдылықты бақылау сараптама бойынша және шұғыл жағдайлардың тізбесінің негізінде жүзеге асырылады.

46

МӘМС-ті енгізуден кейін қандай нәтижелер күтіледі?

ХАЛЫҚ ҮШІН

  • Сапалы медициналық көмектің қолжетімділігі
  • Халық қажеттілігіне сай денсаулық сақтау жүйесі
  • Денсаулықты жақсарту, өмір ұзақтығын арттыру
  • Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді кеңейту
  • Денсаулық сақтаудағы бейресми төлемдер деңгейінің төмендеуі
  • Медициналық көмекпен әмбебап /жалпыға ортақ қамту
  • Азаматтардың ортақ жауапкершілігі
  • Тұтыну көлемдерін теңгерімдеуге мүмкіндік беретінденсаулық сақтаудың                  қаржылық – тұрақты жүйесі
  • Денсаулық сақтаудың нарықтық тетіктерін жетілдіру
  • Жекеденсаулық сақтауды және денсаулық сақтау индустриясындамытуға ынталандыру(қосымшажұмыс орындары және технологиялар)
  • Қаржы ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру
  • Ресурстарды қолдану бойынша қоғам алдындағы есептілік
  • Қызметтің тиімділігіне сәйкес тұрақты қаржыландыру
  • Басқару және менеджменттің жаңа  корпоративтік тәсілдерін енгізуді ынталандыру
  • Еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру: бәсекеге қабілетті жалақы алу мүмкіндігі
  • Жаңа медициналық технологияларды енгізу. Түпкілікті нәтижеге бағдарлылық
  • Негізгі құралдарды уақтылы жаңарту 
  • Ресурстарды мұқтаждығы аз адамдардан мұқтаждығы көп адамдарға қайта бөлу кезіндегі ынтымақтастықты қамтамасыз ету
  • Медициналық көмектің бірыңғай пакеті және елдің әрбір тұрғынының оған қолжетімділігінің теңдігі
  • Барлық сақтандыру қауіптерін бір қорда шоғырландыру
  • Қаражатты өңірлер бойынша бөлудің және қызмет берушілерден медициналық көмекті сатып алудыңбірыңғай қағидалары
  • Стратегиялық сатып алулар барысындағы келіссөздердің қуаты және денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру мүмкіндігі
  • Ұлттық денсаулық сақтау саясатын жүзеге асырудың тиімді құралы ретінде мемлекеттік монополияны сақтау
  • Неғұрлым жоғары тиімділік (әкімшілік аз шығындар)

МЕМЛЕКЕТ ҮШІН

ҚЫЗМЕТ БЕРУШІЛЕР ҮШІН    

47

Неліктен бірнеше емес, бір Қор?

Бірыңғай сатып алу моделінің артықшылықтары:

gossim kk

100 step kk

kz2050 kk